ОҚО тұрғыны ғаламторда танысқан бойжеткенді алып қашты14-05-2013
Ал осы агентпен танысудың соңы таяуда бір даулы оқиғаға апарып соқты. ОҚО-ның Шәуілдір мен Сарыағаш елдімекендерінің тұрғындары агент арқылы танысып, бір-біріне ғашық болады. Олар бір-бірімен кездеспесе де үйленіп, бірге ғұмыр кешпекке серттескен. Содан жігіт екі тойды қатар атап өткізгісі келсе керек, Отан қорғаушылар күні қарсаңында ата-анасының рұқсатынсыз қызды алып қашып кетіпті. Ал болашақ қайын жұрт жағы бұл некеге қарсы болып, қыздың соңынан қуып барған. Жай бармай, келін түскен үйге топалаң сала барыпты. Қуғыншылар алдынан шыққандарды ұрып-соғып, төпелей бастапты. Бірнеше адамның бетін көгертіп, дене жарақатын салады, ал қызды өздерімен бірге алып кеткен. Ал келін түсіргенін хабарлап, көрші-қолаңды шақырып қойғандар ыңғайсыз жағдайда қалды. Дегенмен жігіт жағы қыздың әкесінің алдынан өту үшін қалыңға деп дайындаған 300 мың теңгесін, қызға алтын сырға, тағы басқа жөн-жоралғысын алып, 7-мамыр күні Сарыағашқа қарай жолға шығыпты. Бірақ қанша жерден кешірім сұрап, аяқтарына жығылғанымен, қыз жақ бұған көнбеген. Тек үлкен кісілердің араласуымен арыз жазбауға келісіп, бейбіт тарасыпты. Басында қыздың туысқандары жігіттің өздеріне хабаршы болып барған бір жеңгесін кепілге ұстап қалыпты. Осылайша екі жақта да адам ұрлау фактісі болған. Шәуілдірден келгендер әкелген ақшасын, алтынын, басқа да заттарын алып, ауылдарына қайтыпты. Әрине, келінсіз.
|
Новости Шымкентановости Шымкента |